Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел мейрам кезінде аз ақшаға дастархан жайып, үлкен отбасын тойдырудың әдісін тапты

Ұлыбритания тұрғыны Рождество мейрамында 5 адамнан тұратын отбасына мол дастархан жайып, дәмді асқа тойдырғанын айтты. Ол үшін әйел небәрі 18,75 фунт стерлинг (8 мың теңгеден аса) жұмсапты.

Әйел мейрам кезінде аз ақшаға дастархан жайып, отбасын тойдырудың әдісін тапты

Бұл туралы The Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Үш баланың анасының сөзінше, ол осылайша дастархан жаю арқылы отбасының әр мүшесіне 3,75 фунт стерлингтен (1 500 теңгеден аса) жұмсаған. Ал мерекелік дастарханға күркетауық еті, қуырылған көкөністер, фаршталған нан мен доңыз етін қойыпты.

Өз сөзінде әйел тамақтарды арзан бағаға сатып алу үшін жақын жердегі дүкендерді қарап шығып, азық-түлікті ең арзан бағаға сатып алатынын айтты. Сонымен қатар желінбей қалған тағамдарды тиімді түрде қайта пайдалану үшін, қандай тамақ әзірлейтінін жоспарлап жүреді екен. Және көкөністер мен картопты бірнеше қаптан көтерме бағаға сатып алады. Ал ас әзірлеуде қажет болатын өнімдердің бәрін алдын-ала сатып алып қойып, мұздатқышта сақтайтын көрінеді.

Отанасы тамақтан артылған ақшаны отбасымен көңіл көтеруге, кинотеатрға немесе ойын-сауық саябақтарына баруға жұмсайды.

Сондай-ақ, әйел үшінші баласы дүниеге келгеннен кейін үнемдеуді үйренгенін мойындады. Ол дайын тағамдарды сатып алмайды және супермаркетке барудың орнына, базарға барып, сатушылармен саудаласқанды жөн көреді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау