Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел лотереядан ұтып алғаны туралы әзілдеп, артынша 470 миллион теңгеге ие болды

Ұлыбританиядағы Уиттлси қаласында әйел күйеуіне лотереядан ұтып алғаны туралы әзілдеп, артынша шынымен де ұтысқа ие болды.

Әйел лотореядан ұтып алғаны туралы әзілдеп, артынша 470 миллион теңгеге ие болды

Бұл туралы The Guardian басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Тамыз айының басында 28 жастағы Шарлотт Перт күйеуін алдамақ болып, оған 250 мың фунт стрелинг (118 миллион теңгеден аса) ұтып алғаны туралы айтқан. 3 аптадан кейін оның сөзі шындыққа айналып, ол 1 миллион фунт (470 миллион теңгеден аса) ұтып алды.

Ол күйеуін қуантуға асығып, оған телефонмен қоңырау шалған. Алайда күйеуі оны тыңдағысы келмепті.

«Мен оған мүлде сенбедім. Себебі бір-бірімізді алдап, жиі әзілдеп тұрамыз», – дейді күйеуі.

Ол әйеліне бос емес екенін айтып, телефон тұтқасын ағасына берген. Артынша әйелі ұтыс туралы хабарламаның скриншотын жіберіпті. Күйеуі сол кезде ғана ұтысқа сенген.

Ендігі ерлі-зайыпты бұл ақшаға жаңа үй сатып алмақ. Ал әзірге олар балаларына қымбат ойын құралдарын алып берген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау