Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әйел күйеуі мен балалары ұйықтап жатқан бөлмеде 14 жастағы жасөспірімді зорлап тастады

АҚШ-тың Флорида штатында тұрмыстағы 22 жастағы әйел Джастис Мэри Маккей 14 жастағы оқушыға сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасады деп айыпталуда.

Әйел күйеуі мен балалары ұйықтап жатқан бөлмеде 14 жастағы жасөспірімді зорлап тастады

Бұл туралы New York Post басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Әйел жасөспірімнің үйіне қонаққа барған. Біраз уақыттан кейін ол жасөспірімді күйеуі мен балалары ұйықтап жатқан бөлмеге шақырады. Артынша баланы сүйіп, үстіндегі киімін шешіп, жыныстық қатынасқа түскен.

Ертесі күні әйел жасөспірімге «онымен тағы да болғысы келетінін» айтып, араларында болған жақындықтың ұнап қалғанын жеткізеді. Ал үш аптадан кейін әйел оқушыны аялдамада тұрған жерінен көлігіне отырғызып алып кетіп, мектепке жеткізіп салатынын айтқан. Алайда ол мұның орнына жасөспірімді үйіне алып барып, тағы да жыныстық қатынаспен айналысады. Бірнеше күннен соң бұл оқиға тағы қайталаныпты.

Жыныстық жақындықтан кейін оқушының денесінде тырнақтың ізі мен көгерген орындар қалған. Оны анасы байқап қойған екен.

Барлығынан хабардар болған анасы полицияға шағымданды. Ал 22 жастағы әйел азғындық әрекеттері үшін өзін кінәлі сезінбейтінін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр