Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел есірткіге салынған сыныптасын емдетіп, кәсіпкерге айналдырды

Теріс жолға түсіп кеткен досын 15 жылдан кейін кездестіріп, дұрыс қалпына келуіне көмектескен әйел желі қолданушыларын таңғалдырды. Кезінде есірткінің жолымен кеткен жігіт қазір кәсіпкерге айналды.

Бұл туралы Life.ru жазды.

Кения мектептерінің бірінде Патрик Хинга есімді футболды жақсы ойнайтын бала болды. Тіпті, оны достары Пеле деп те атайтын. Бірақ, Патрик мектеп бітірген соң жаман жолға түсіп, есірткі қолдана бастаған.

Ол алғашында жеңіл есірткі түрлерін пайдаланды, нәтижесінде ол өзіне қымбат нәрселерден айырылды.

Бірақ тағдыр оған екінші мүмкіндік берді. Ол 15 жыл көрмеген Ванджи есімді сыныптасымен кездесіп, өзгере бастады.

Патрик оны өзіне шақырған. Бірақ, Винджа бала кезіндегі досының ауыр хәлін көріп танымай қалды.

Әйел үйсізге көмектесуді ұйғарды. Патрикті оңалту орталығына апарып терапия курсынан өтуіне көмектесті.

Сонымен қатар Винджа досына «Хинганың дүкені» деген дүкен ашып, бизнеспен айнаысуына септігін тигізді.

«Мен өзімді жаңадан туылғандай сезінемін. Күнде құдайдан бұрынғы күйіме түсірмеуін сұраймын», – дейді Патрик Хинга.

Бұл оқиға Кения тұрғындарын толғандырды. Әлеметтік желіде де олар туралы ақпарат тарап кетті.

Олар кішкентай көмектің өзі адамдардың жақсы жаққа өзгеруіне септігін тигізетінін дәлелдеді.

Тағы оқыңыз:

Ақтөбенің қонақ үйіндегі алтын жалатылған дәретхана Ресей әртісін таңғалдырды (видео)

Алматыда бірнеше топ пәтер тонаушылар ұсталды

Павлодарда көлдегі қауіпті заттың мөлшері артуынан балықтар мутацияға ұшыраған

Астанада ашылатын жаңа ауданға Байқоңыр атауы бекітілді

Талқылау