Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел бір аптада екі рет бала көтеріп, үшемді өмірге әкелді

Ұлыбритания тұрғыны табиғи және жасанды жолмен бала көтеріп, үшемді өмірге әкелді. Ерлі зайыптының сегіз жыл күткен балалары өмірге келді.

Беата Биениас Уилтшир патшалығының тұрғыны. Ол аналық жұмыртқасы жарамағандықтан бала көтере алмады. Ауру салдарынан салмағы 110 келіге өсіп кетті. Ол кейін 30 келі салмақ тастады.

Кейін 36 жастағы әйел жасанды ұрықтандыруға дайындалды. Дәрігердің айтқанын орындап, жасанды жолмен бала көтерді. Ол кезде өзінің жүкті екенін білмеген еді.

Кейін жүктілігін тексергенде бәрі оң екенін көрсетеді. Күйеуі екеуі демалуға кетеді. Демалыстан келіп, УЗИ-ден өткенде құрсағында үшемнің барын біледі. Үшемнің екеуі бірінен екі апта бұрын біткені анықталды.

Жүктілік ауырлықсыз өтті. Желтоқсан айында әйел үшемді өмірге әкелді. Оларды Амелия, Матильда, Борис деп атады.

“Бұл өте керемет нәрсе. Мұндай жағдай менің басымнан өтеді деп ойламаппын. Қанша жыл бойы ана болаалмайтын шығармын деп қорқып жүрдім. Енді бірден үш баланың анасы атандым”, – дейді Биениас.

Дәрігер-репродуктолог Эмма Кэннон 25 жылда Мұндай жағдайдың бірінші рет болғанын атады. Ол Биениаске аналық бақыт тіледі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау