Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел бес ай бойы жүктілігін қатерлі дерт деп ойлаған

Ұлыбритания тұрғыны бірнеше ай жүктілігін қатерлі дерт деп ойлаған. Қырықтан асқан ерлі зайыпты 20 жылдан соң ата-ана атанды.

45 жастағы Джени Фернер мен 43 жастағы Гэридің 20 жастағы қызы үйінен кеткен еді. Сондықтан ата-анасы Грекияға аттанды. Сәуір айында әйел өзін жайсыз сезінді. Үнемі жүрегі айнып, дәретханаға бара берді. Арқасы ауыратын болды. Ол өзін қатерлі дертке шалдықтым деп ойлап дәрігерге қаралды. Дәрігер ультра сәулеге түсуге жібереді. Онда әйелдің жүктілігіне бес ай болғаны анықталады.

Фернер поликистоздың аналық безі дертімен ауырған. Сондықтан ана болуы мүмкіндігі аз еді. 20 жыл бұрын тұңғыш қызын әрең көтерген еді. Кейін күйеуі екеуі балалы бола алмаймыз деп сенді.

Осылайша қазан айында өмірге Оливер есімді ұлы келді

“Мен жаңа туған сәбиді қалай күту керек екенін ұмытып қалдым. Түнімен ұйықтамай, жаялығын ауыстырам. Бұл жылды бала күтіп өткізем деп ойламаппын. Енді Рождествоны ұлымызбен қарсы алатын болдым”, – дейді анасы.

Баланың әкесі бұл оқиғаға таңғалып қалды. Ұлының нағыз керек кезінде туғанын айтады. Әкесі жақында ғана өз әкесінен айырылған. Ұлы оны уайым-қайғысын ұмытуға жұбаныш болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау