Әйел баласын емізу арқылы жүкті болып қалған

Ұлыбританияда телешоуға қатысуға келген әйел жүктілігі туралы қызықты оқиғаны айтып беріп, жүргізуші мен көрермендерді таңғалдырды.

Әйел баласын емізу арқылы жүкті болып қалғанын айтты

25 жастағы Гейл – екі баланың анасы. бғадарламаға келген ол екінші жүктілігі туралы шындықты айтпақ болған. Оның бұрынғы күйеуі Барри әйелінің мүшеқаптарды тесіп немесе өзге ерлермен көзіне шөп салып жүргеніне сенімді болған. Себебі төсек қатынасы кезінде сақтанып жүрген жұбайлардың екінші баласы дүниеге келеді.

«Мүшеқапты тескен емеспін. Баламды емізіп жүргендіктен жүкті болып қалдым», – дейді Гейл.

Осы кезде бағдарлама жүргізушісі қатты таңданып, тіпті шыңғырып жіберді. Ал көрермендер әйелдің сөзіне қатысты түрлі пікір білдірді.

«Омыраумен емізу арқылы бала көтеруге болатыны туралы ешқашан естіген емеспін», «Менің ойымша, бұл әйел өзінің не айтып отырғанын білмейді», – дейді желіде пікір қалдырушылар.

Бағдарлама соңында анықталғандай, ДНҚ тест Гейлдің күйеуінің көзіне шөп салмағанын дәлелде. Оның екі баласының да әкесі Барри боп шықты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
15.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар