Әйел арманындағы ер адамды тауып бермеген танысу агенттігінен 5 млн теңге өндіріп алды
Тереза Бурки күйеуінен ажырасып, үш баламен жалғыз қалды. Осы қатынастан кейін оның ер азаматтармен мүлде жолы болмады. Сондықтан ол танысу агенттігінің көмегімен өз махаббатын іздеуді шешті, деп жазады Stan.kz.
Ол арнайы мекемеге жүгініп, армандындағы ер адамды табу үшін айтарлықтай ақша төледі. Қызметкерлер Терезаға жеті мыңнан астам ер азаматтың өз махаббатын іздеп жүргенін айтып, өз сөздеріне иландырған. Бірақ шын мәнінде олар айтқандай емес, бұл агенттікке тек 100 шақты еркектің жүгінген екен.
Лайықты азамат іздеу операциясы төрт жылға жалғасқан. Ал, өз махаббатын іздеген Бурки тек қазір ғана агенттік қызметкерлерінің оны алдап, ақшасын сыпырып алғанын түсінді. Әйел мұны білгеннен кейін бірден компанияның үстінен шағып түсіріп, оларды сотқа берді.
«Әйел бізді дұрыс түсінбеді. Біз танысу сайты емеспіз, эксклюзивті агенттікпіз. Мен бұл агенттікті 2011 жылы құрдым, сол уақыттан бері алты мыңнан аса жалғызбасты жандар өз махаббаттарын тапты»,-дейді агенттігінің негізін қалаушы Сьюзи Эмброуз.
Лондонның жоғарғы сотында сөз сөйлеген судья Ричард Паркес арманындағы ер адамды іздеймін деп, алданып қалған әйелді қолдады. Ол агенттікке бос уәде беріп алдағыны және ақша жымқырып алғаны үшін Терезаға 12,6 мың фунт, яғни 5 330 000 теңге төлеуді бұйырды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.