Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел адамдар неге із-түссіз жоғалып жатыр?

Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен Назерке Әріп әлі табылған жоқ. Естеріңізге сала кетейік, 18 жастағы бойжеткен Тұздыбастаудағы үйінен 10 шілде күні түскі уақытта шығып кеткен.

445277

Бір айдан бері қыздарынан хабар алмаған туыстары, Назерке туралы кез-келген ақпарат үшін сыйақы беруге әзір. Назеркеден өзге тағы екі азаматшаға туыстары іздеу салады. Әйел адамдар неге із-түссіз жоғалып жатыр Бұл туралы 31 арна тарқатып айтты.

10 шілде күні үйінен шығып кеткен Назеркенің телефонына соңғы қоңырау сол күнгі сағат екінің кезінде соғылған. Одан кейінгі телефон қоңырауы түнгі сағат он бірдің кезінде Алматының Развилка және Татарка шағын аудандарының маңайында тіркеліпті. Яғни Гурилев-Халиуллин-Тәтібеков көшелерінің қиылысында Назеркені көргендер болуы мүмкін. Сол себепті де іздеу жұмыстарына қазір Алматы қаласының полициясы жұмылдырылды.

“Тұздыбастау елдімекенінде болған оқиға. Яғни олар Талғар ауданына шағым түсіруі керек еді. Бірақ ата-анасы қыздың Медеу ауданына сабаққа кетуі мүмкін екендігі туралы болжам айтқаннан кейін Медеу ауданында тіркелді”, – дейді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Биыл ғана мектеп бітірген қыздары туралы қызынан бір айдан бері хабар алмаған Назеркенің ата анасы қыздары туралы кез-келгшен ақпарат иесіне сыйақы беруге әзір. Талғар ауданына қарасты Нұра ауылының тұрғыны Ләззат Сығаеыаға да жақындары іздеу салады. 19 маусым күні таңғы сағат жетінің шамасында шығып кеткен 36 жастағы азаматшаның қайда кеткенін ешкім көрмеген.

“Табылса екен. Көрген білген адам болса, бізге хабарласса екен. Қол ұшын беретін жандар болса, бізге хабарласса екен. Еріктілер болса. Мүмкін ауылда, бір жерде ұстап отыр ма біреулер”, – дейді Сығаеваның әпкесі Жанаргүл Сығаева.

62 жастағы Түсіпова Қадиша Шопанқызын да балалары іздеп жүр. Паркинсон синдромымен ауыратын зейнеткер көрген-білгенін тез ұмытып қалады дейді жақындары.  Ерекше белгілері: оң қолы мен аяғы дірілдейді,  үйден шығарда үстінде қызғылт жейде мен қою көк шалбарда болған екен.

Тағы да оқыңыз:

Жалғызбасты әке 9 баласымен аз ғана жәрдемақыға күн көріп отыр

Алматыда қайтыс болған студенттің жақындары қыздарының жетісін берді

Қарағанды облысында кішкентай қызды сабаған бейтаныс әйел видеоға түсіп қалды

Талқылау