Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел 6 жыл бұрын қайтыс болған әкесінің тірілер санатында екенін біліп таңғалған

Қазақстандық келіншек 2006 жылы әкесін жер қойнына тапсырған. Артынша ХҚКО оған әкелерінің тірілер санатында екенін хабарлаған. Десе де, Сәния ханым бір айдан бері оның қайтыс болғаны туралы анықтаманы ала алмай жүр. Әлгі анықтаманы алу үшін сот шешімі қажет екен. Ал сотқа тек кемінде 300 доллар алатын заңгер арқылы ғана жүгінуге болады.

0ва

Бұл туралы «Пендеміз ғой» бағдарламасында айтылды.

Сәния Әділова мен оның екі баласы ескі үйде тұрады. Оның өзі туыстарына тиесілі. Анасы үй кезегіне тұрмақ болып құжат жинастыра бастаған кезде, 6 жыл бұрын көз жұмған ерінің әлі тірілер санатында екені анықталады. Бұл олқылықты жою үшін ол бірнеше мекеменің табалдырығын тоздырады. Полиция қызметі мен жедел жәрдем азаматтың өлімін растап отыр. Бірақ арнайы мекемелер сот шешемін әкелуді сұраған. Ал Сәния ханым заңгер қызметін қалтасы көтере алмайтынын айтып жатыр.

«Неге сот арқылы айдан анық нәрсені дәлелдеуім керектігін түсіне алмай отырмын. Бұған қорғаушының қандай қажеті бар? Туыстарыммен бірге әкемді осыдан 6 жыл бұрын жер қойнына тапсырдық. Қазір қорғаушылар 300 доллардан кем сұрамайды. Оны менің қалтам көтермейді. Мен шаршадым. Ол әлі күнге дейін тірілер санатында екен. Мен ХҚКО-ға бардым. Қайтыс болғаны туралы анықтаманы алмақ болдым. Маған оның тірі екендігі туралы жауап келді. Оның ертеректе қайтыс болып кеткенін дәлелдей алмай жүргеніме бір ай шамасы болды. Біз әкеммен бірге тұрмадық. Ол ағасының қолында болған еді. Яғни қайтыс болған кезінде жанында болмадық. Әкем қайтыс болған кезде жедел жәрдем де, милицияда шақырылған екен», – дейді Сәния Әділова

Келіншектің анасы көп қабатты үйдің балконынан құлап кеткен. Осының салдарынан бір жылдай төсек тартып жатып қалған екен. Ал күйеуі қалын сұрауға да келмеген.

«2002 жылы құрылыста жұмыс істеп жүріп бесінші қабаттан құладым. Бір жылдай үшінші топтағы мүгедектердің қатарын толықтырдым. Ал ол жағдайымды білуге келмеді. Мен масұл болады деп қорыққан шығар. Бірақ біз жолдасым Шаймұраттың жерлеуіне бардық. Оны жерлеу жұмыстарын ағасы мойнына алды. Бір күні құжаттарымды үйдің кезегіне тұру үшін тапсырмақ болдым. Ал марқұм күйеуіммен заң жүзінде ажыраспағанбыз», – дейді келіншектің анасы Жаңыл Әділова.

 

Талқылау