Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел 6 жасар қызымен бірге банк тонады

Нью-Йоркте әйел банк тонауға 6 жасар қызымен бірге барған, – деп хабарлайды CBS New York телеарнасы.

 

Полиция мәліметі бойынша, 28 жастағы Диана Марини Chase банкіне кіріп, кассирге қолда бар қаржыны беруін талап ететін хабарлама табыстаған. Банк қызметкері әйелдің талабын орындағаннан кейін, ол өзін күтіп тұрған таксиге отырып, оқиға орнынан із суытқан.

Құқық қорғаушылар көліктің ізіне түскен. Олар ұры отырған көлікті тоқтатып, балалы әйелді ұстады. Нәтижесінде Марини ұрлық және баланың өміріне қауіп келтіргені үшін айыпталды. Ал 6 жасар қыз отбасының басқа мүшелеріне табысталды.

Жіберіп алмаңыз:

Мәскеуде құрбандарының денесін бөлшектеп, еттартқыштан өткізген қанішер ұсталды

Талқылау