Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдын Айымбетов: ғарышта билік пен байлық екінші кезекке ысырылады

Петропавл қаласына екі күндік жұмыс сапарымен келген Қазақстанның халық батыры, ғарышкер Айдын Айымбетов ардагерлермен және жастармен кездесті.

14407513425iq8d_1000x768

Сурет vlast.kz

Бұл туралы bnews.kz сайты хабарлайды.

Жұмыс сапары барысында ол этномәдени бірлестік өкілдерімен және Қазақстан халқы ассамблеясының жастар филиалымен кездесіп, пікір бөлісті.

“Ғарыштан жерге қарағанда ғаламның шексіз екенін көресің. Бұл біз барлық адамдар жер бетінде бір отбасыдай, тату-тәтті тұруымыз керек деген сөз. Біздің экипажда 9 адам болды – Қазақстан, Ресей, Америка, Жапония және Дания елінің өкілдері. Біз барлығымыз бірге бір организм секілді жұмыс істедік. Бірде бір журналист сұрақ қойды: “егер мүмкіндік берілсе сіз өзіңізбен бірге кімді алып кетер едіңіз ғарышқа?” деп. Мен саясаткерді алып кететін едім деп айттым. Олар ғарышта билік пен байлық деген нәрсенің екінші кезектегі нәрсе екенін ұғынар еді”, – дейді ғарышкер.

Ол сондай-ақ, “Байқоңыр” ғарыш айлағы, Қазақстандағы ғарыштық туризм және экология мәселелері бойынша да пікір айтты.

Талқылау