Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдарбекованың жас кезіндегі суретін көрген жұрт оны пластикалық ота жасатты деп болжады

Гүлзира Айдарбекова жас кезіндегі суретін жариялап, желідегі оқырмандарын тәнті етті. Көпшілік продюсердің шынайы әрі табиғи сұлулық иесі екенін айта келе, оның қазіргі бет-әлпетінде үлкен өзгеріс бар екенін байқаған, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Айдарбекова Гүлзира

Желі қолданушылары Айдарбекованың жас кезін оның келіні Жұлдызға, ал кейбіреулер Салтанат Бақаеваға ұқсатып жатты.

“Осы кезіңіз сұлу, өте әдемі. Сіз кейін пластикалық операция жасатқан сияқтысыз. Өте өзгеріп кетті бет-әлпетіңіз”, – дейді Алғанұр Берікбай есімді оқырман.

Алайда Гүлзира Үсенқызы пластикалық ота жайлы қауесетті жоққа шығарды.

“Операция жасатқаным жоқ, жапондық массаж жасатып жатқанымды бөлістім ғой. Бәріне ұнап жатыр. Бетті көтереді, салбырап кетпес үшін”, – деп ел көкейіндегі сұрақтың нүктесін қойды Гүлзира Үсенқызы.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау