Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдана Меденованы түсірілім кезінде кран соғып кетті (видео)

Жақында ғана “Тәтті дауыс” бейнебаянын жарыққа шығарған Айдана Меденова түсірілім кезінде жарақат алып қалған. Әншіні камера краны соғып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz.

Айдана Меденова

Абырой болғанда Меденова дер кезінде кері бұрылып, аса ауыр жарақат алмаған. Күйеуінің айтуынша, сол сәтте жылдам қимылдамаса, бұл оқиғаның соңы жақсылыққа апармауы мүмкін еді.

“Бейнебаян түсіру оңай жұмыс емес, сондай-ақ әртістің түсірілім алаңындағы жұмысы әрдайым қауіпсіз бола бермейді. Мұнда бір дубль кезінде Айдана өліп қала жаздады. Өзі бірден қимылдамағанда, соңы жаман аяқталуы мүмкін еді. Сондықтан да бұл өмірде бәрі оңай келеді деп ойлайтындар, сіздер қатты қателесесіздер”, – дейді Әлішер Нұржанов.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Меденова Айдана Едильбековна (@aidanamedenova_officialpage)

Сондай-ақ, тағы бір кадрды түсіру кезінде Айдана қолын қатты ауыртып алған. Дуалды 10 мәрте ұрған Айдананың ақырында қолы ісіп кеткен көрінеді.

“Менің қолымнан басқа ешкім зардап шеккен жоқ. 10-шы дубль кезінде қолым ісіп, түсірілімге қатысудан бас тартты”, – дейді Меденова.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Меденова Айдана Едильбековна (@aidanamedenova_officialpage)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

 

Талқылау