Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдана Меденова: Заманауи әйел барлығына үлгеруі тиіс

Күні кеше Айдана Меденова екінші сәбиін босанып, күйеуіне ұл сыйлаған болатын. Ол не себепті жүктілігін жасырып келгенін түсіндірді. Мұнымен қатар, шығармашылығындағы тың жаңалықтарын бөлісті.

19624516_212118255977794_2601051015004291072_n

Сурет Айдана Меденованың жеке парақшасынан алынды

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Әлиханның жағдайы өте жақсы. Есімін жолдасым Әлішер қойды. Сәбиімізге есім беретін кезде көп ойландық. Оның үстіне жүктілігімді әдейі жасырып келдім деп айта алмаймын. Бір шетінен қазақы тіл-көз, ырым-тыйым дегенді ескердім. Жалпы жақындарым мен туысқандарым бұл туралы білді. Босанған соң бірден халықпен бөлісіп, жаңалықты желіге жарияладым”, – дейді Айдана Меденова.

Мұнымен қатар, әнші отбасын да, сүйікті жұмысын да қатар алып жүргенін айтып мақтанды. Тіпті, бірнеше ай ішінде жаңа бейнебаян ұсынатынын сөз етті.

“Меніңше, қазіргі заманауи әйел барлығына үлгеруі тиіс. Яғни, бір қолымен бесікті тербетіп, екіншісімен жұмыс істеп, үшіншісімен өзін ретке келтіріп дегендей. Жалпы әрдайым барлығын қатар алып жүруге тырысамын. Қазір үш ән жаздырып жатырмын. Біреусін жүкті кезімде жазып бастағанмын. Күзге қарай жаңа бейнебаян ұсынуым мүмкін”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Айдана Меденова өзін тоқал деп атағандарға жауап берді

Ләйлә Сұлтанқызы министр болуды армандап жүргенін айтты

Ерке Есмаханмен дуэт орындаған продюсер жұртты әдемі даусымен таңқалдырды (видео)

Әлемдегі танымал басылым қазақстандық данышпанның партитурасын шығарды

Талқылау