Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдана Меденова өзін тоқал деп атағандарға жауап берді

Әнші 9 ай бойы жұрттан жүктілігін жасырып, күні кеше күйеуіне маңдайы торсықтай ұл сыйлаған болатын. Енді, міне, телеарналарға сұхбат беріп, соңғы жаңалықтарын бөлісіп жатыр. Айдана Меденова осы уақытқа дейін өзін тоқалдар санатына қосып келгендерге қатты ренжігенін жеткізді.

18948032_1301149683314063_5855416398825652224_n

Сурет Әлішер Нұржановтың жеке парақшасынан алынды

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Әншінің сүйіктісі шоу-бизнес саласында көп уақыттан бері продюсер болып жүр. Қазіргі таңда “Индиго” тобының жетекшісі. Меденова журналист Дана Рыскелдинованың “Сүйіктіңіздің сізге дейін отбасы болғанына қысылмайсыз ба?” деген сұрағына “Меніңше, біреуді сынауға құқығымыз жоқ. Алғашқы некесі сәтсіз болса, екінші отбасында барлығы жақсы болады. Мен онымен байланысты дүниенің барлығын жақсы көремін”, – деп жауап берген болатын.

Мұнымен қатар, өзінің туысқандарынан алғашқы некесінен балалары бар ер адамға тұрмысқа шығуға қарсылығы болмағанын жеткізді. Десе де, әнші өзін “тоқал” деп атағандарға ренжіп жүргенін жасырмады.

“Шыны керек, сол сәтте есеңгіреп қалдым. Әлішер екеуіміз шок алдық десем де болады. Бұл – жалған ақпарат. Олай жазып жүрген адамдарға мен қатты ренжідім. Ол сайтқа ескерту хат та жібердік. Ары қарай қалай болатынын көреміз. Мен Әлішермен кездескен кезде оның басы бос болды. Бірақ, бірінші отбасының болғанын, сол некесінен екі ұлының бар екенін білдім”, – дейді Айдана Меденова.


Жіберіп алмаңыз:

Ләйлә Сұлтанқызы министр болуды армандап жүргенін айтты

Ерке Есмаханмен дуэт орындаған продюсер жұртты әдемі даусымен таңқалдырды (видео)

Әлемдегі танымал басылым қазақстандық данышпанның партитурасын шығарды

Қайрат Нұртас: Мені шетелдіктер де таниды. Сол үшін бай болып көрінуге тырысамын

Талқылау