Айдана Меденова: Әнші Селенаға "ұнамайсың" деп бетіне де айтар едім

Айдана Меденова не себепті Селена Гоместің бейнебаяндарын ұнатпайтынын айтты. Бұған қатысты сын айтқан желі қолданушыларына жауап берді. 

Айдана Меденова: Әнші Селенаға "ұнамайсың" деп бетіне де айтар едім

Айдана Меденова бір сұхбатында шетелдік әнші Селена Гоместің бейнебаяндарын ұнатпайтынын айтып қалған еді. Осыдан соң Айданаға сын айтқан желі қолданушылары болды.

"Селенаның бейнебаяны Айдананікіне қарағанда жақсы, мағыналы. Ал, Айдана оны ұнатпаймын деп отыр. Айдананың Селенаға жетуіне әлі қайда", - деп жазды желі қолданушысы.

Ал, Айдана бұрын айтқан ойынан айныған жоқ.

"Иә, мен Селенаны ұнатпайтынымды айтқанмын. Бұны қателік деп ойламаймын. Әркімнің біреуді ұнатуға, ұнатпауға құқығы бар. Мен Селенаны ұнатпайтынымды өзіне де айта алам. Селена, маған сенің музыкаң ұнамайды. Сондықтан сені тыңдамаймын. Сен де мені тыңдамай-ақ қой", - деді Меденова Gakku арнасында. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр