Аязды күні такси тоқтатқан бойжеткен Сәкен Майғазиевті көрген кезде таңырқап қалған

Жұма, 25 Қараша , 2016 10:42

Сәкен Майғазиев аязды күні аялдамада автобус күтіп тұрған жолаушыларға тоқтап, тегін жеткізіп салатынын айтты. Әнші өзінің де кезінде талай жаурағанын еске алды. Майғазиевтің айтуынша, такси тоқтатып тұрған жолаушылар оны көргенде қатты таңырқап қалады.

сакен745963

«Есімде қалған ең суық қыс 2016 жылдың 20 қарашасы, яғни бүгін. Жоқ, бірақ бұдан да қатты қара суықтар болды ғой. Не көрмеді? Әсіресе, далада аялдамада тұрған адамдарды аяп кетемін. Кейбір кезде жолай соғып ала кетемін. Кейбіреулер түсінбей таңырқап қалады. Мені таксилетіп жүр деп ойласа керек-ті. Ештеңенің керегі жоқ, біздің үйден Әл-Фараби даңғылына дейін ешқандай көлік тоқтай қоймайды. Сол жерге дейін тегін жеткізіп салайын деймін. Жолымыз бір болса тіптен жақсы, әңгімелесіп жылы көлікпен жеткізіп салуға тырысамын», – деді әнші «Жұлдыз-ТВ» арнасына берген сұхбатында.

Майғазиев кезінде өзінің де талай жаурағанын, тіпті, бір туфлимен қыс өткізген кездерінің болғанын айтып өтті.

«Өзіміз талай далада тұрдық, жаурадық, туфлимен қыс өткізген кездеріміз болды, аспаннан салбырап түскен жоқпыз. Сол сияқты неше түрлі жағдайлар болып жатады. Сондықтан, мен тоқтап, “отырыңыз” дегенде ұялмастан отыра кетіңіз. Күн қанша суық болса да, жүрегіміз жылулыққа толы болсын», – деп түйіндеді сөзін әнші.

Жіберіп алмаңыз:

Ақбота Керімбекова өзі асырап-баққан күйеулері туралы айтып берді

«МузАрт» тобы «МузАрт live» жобасы келісіліп қойған» дегендерге жауап берді

Баян Есентаева: Қыздарға секс жайында 15 жастан бастап айту керек

Мақпал Исабекова: Мәскеуде туған екі балам бар

Роза Рымбаева соңғы 25 жылда барлық туысқанын қалаға көшіріп, жұмысқа орналастырған

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев

Пікір қалдыру


123
13 күні 10 сағат кері

Пиарчик…

Анонимно
13 күні 10 сағат кері

123

Анонимно
13 күні 20 сағат кері

Сәкендей болса ғой әр қазақ азаматы!!!

Анонимно
13 күні 23 сағат кері

Маш Алла Алла разы болсын Сакен ага.

Тоғ
14 күні 31 минут кері

Айналайын! Алтыным! Саған дәу Рахмет

Анонимно
14 күні 40 минут кері

Қазағымның маңдайына біткен дара тұлға. Сіздей ер азаматтар бар мына халық неткен бақытты еді!

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар