Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Аян Өтепберген биыл үйленетінін мәлімдеді

"Жау жүрек мың бала" фильмі арқылы танылған актер Аян Өтепберген бойдақтардың қатарын азайтпақ. Кино жұлдызы биылдан қалмай шаңырағыма келін алып келемін деп отыр. Актерді мұндай қадамға отбасылы достары итермелеген көрінеді. 

Аян Өтепберген - Асылхан ТөлеповБұл туралы Stan.kz НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Енді өзімде біраз жасқа келіп қалдым ғой. 26-ға келдім. Өзім баяғыда армандайтынмын, 27 жасымда үйленетін шығармын деп. Мүмкін 27-де той болып қалатын шығар. Келер жылы емес, осы жылы. Енді мен сәуір айында 27-ге толамын ғой", - дейді Аян.

Өтепбергеннің қатарластары бүгінде бір-бір үйдің отағасы. Группаласы Төреғали жақында төртінші рет әке атанса, жан досы Асылхан Төлепов бір ұл тәрбиелеп отыр. 

"Асылхан көрген сайын айтады. Баласын былай телефоннан көрсетеді де, қарашы қандай тәтті, қашан үйленесің дейді. Бәрі айтады жан-жағымда. Білмеймін бүкіл Қазақстан айтатын сияқты. Рас қой, ол да керек нәрсе. Өзімнің де үйленгім келеді" - дейді Аян.

Көпшілік Аянды актриса Гүлназ Жолановамен жұптастырады. Оған себеп те жоқ емес. Желіде екеуінің арасында жылы сезім барын дәлелдейтін фотолар жетерлік. Олардың болашақ жар туралы сұраққа берген жауаптары да ұқсас. 

"Сүйіктім жайлы... Оны енді тойда көресіздер ғой", - дейді Аян күліп. 

"Нақты тұрмысқа шыққан уақытта, кім екенін, қалай таныстым, не болғанын барлығын өзім айтамын",-  деген болатын Гүлназ.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр