Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аяқсыз туған қазақстандық бала Неймар, Кавани және Мбаппемен кездесті (фото, видео)

Әли Тұрғанбеков “Пари Сен-Жермен” клубының жабық жаттығуына қатысты. Клуб құрамында Неймар да Силва Сантос Жуниор, Эдинсон Кавани, Килиан Мбаппе мен Джанлуиджи Буффон бар.

Әлидің анасы Ақмарал Әмрееваның айтуынша, ұлы бұл кездесуді кқптен күткен. Футболшылармен кездесуге ҚР тұңғыш президенті қоры демеушілік еткен, деп жазады Sputnik.

“Әлидің кумирлері өте көп. Оны құшақтап, әңгімелесті. Оны алаңға әкелгенде арбадан секіріп кете жаздады. Көңілі көтеріліп, қуанып қалды”, – дейді анасы.

Әли Франция астанасын көріп қуанышын жасыра алмады. Елшілі өкілдері Әлиді әуежайдан күтіп алып, Париж қаласын аралатты.

Болашақта Тұрғанбековтер отбасы “Барселона” мен “Бавария”, “Реал Мадрид” клубымен кездесуді жоспарлап отыр.

Анасының айтуынша, футболистер хатына жауап беріп, жақсы қабылдайды. Тек виза мәселесі қиындық туғызады. Әли Парижде сенбіге дейін болады.

Былтыр Әли өзінің кумирі Ник Вуйчичпен, сәуір айында Диего Марадонамен кездескен болатын.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

NEYMAR and ALI🔥🔥🔥⚽️⚽️⚽️

Публикация от Ali_Amir_happy Али Турганбеков (@ali_amir_happy)

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау