Аяқсыз туған қазақ баласы жүре бастады (видео)

Қазақстандық Әли Тұрғанбеков алғашқы қадамын жасап үйренді.

Бұл туралы сүйінші хабарды анасы жеткізді.

«Менің жолбарысым жүруді үйреніп жатыр. Әрдайым қуаныштың ғана көз жасы болса екен. Ең әуелі Аллаға шүкір етем. Осылай бола берсе екен деп құдайдан тілеймін», – деп жазды Әлидің анасы Ақмарал Әмреева Instagram парақшасында.

Әли анасына «менің бойым сенімен бірдей», «Інім Әмірден ұзын болдым» деп қуанып жүр. Көптен күтпен қуанышы үшін алғысы шексіз.

«Алланың жомарт жандар ақылы көмектесіп жатқанын білем. Оларға сауабы еселеніп қайтса екен. Ұлым екеуміз құдайдан ерінбей тілеуші едік. Енді ол жүре бастады», – деп жазады анасы.

Анасы баласы үшін аяқ алып жүрудің өзі қиынға түскенін айтты.

«Бұл біз үшін оңай болған жоқ. Жетістікке жететін жол оңай болмайды дейді ғой. Тек үміт үзбеу керек, ұмтылу керек, Алладан тілеу керек», – дейді Ақмарал Әмреева.

” Мой ТИГР учиться ходить!” Пусть вчегда лишь слезы радости наварачиваются на глаза! АльхамдулиЛях! Слава Всевышнему в первую очередь, Благодарю Аллаха за то, что он исполняет мечты сына! Дай Аллах, чтобы так было всегда! И конечно же Всевышний помогает руками и деяниями людей, людей у которых есть сердца добрые и отзывчивые, и ИншАллах им будет награда за искреннее желание помогать[email protected]_40 @aliyasadym Улкен РАХМЕЕТ! !! @asylbalaassociation @astana_akimat, Асет Орентаевич! Огромное Вам Спасибо! Мы с Алишкой долго СТОЯЛИ обнявшись как и мечтали и просили Всемогущего Аллаха! ” Мамочка я почти одного роста с тобой! Я даже выше Амира ( братишка ), вскрикнул Алишка от радости, ради этого мгновения счастья и радости, мы готовы горы свернуть сынок, только ты мечтай и верь в свои мечты и проси только у Аллаха! Да, не легким был наш путь к этой мечте, были и непонимание и недоразумения и трудности, но кто сказал, что легок путь к достижениям! Главное не опускать рук и всегда идти вперед, это наше с АЛЕКОЙ основное кредо! А Аллах поможет!!!

Публикация от Ali_Amir_happy Али Турганбеков (@ali_amir_happy)

Қазақстандық «Ник Вуйчич» атанып кеткен Әли Әміровтің туа бітті екі аяғы болмаған. Алайда дәрігерлер оған протез салып, толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік беруге болатынын айтқан.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыда екі аяқсыз туылған қазақстандық оқушы Әли Тұрғанбек әйгілі оратор Ник Вуйчичпен кездескен еді. Сондай-ақ, ол әйгілі футболшы Диего Марадонамен футбол ойнады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар