Аяқ киім күтіміне арналған 10 кеңес

Бейсенбі, 28 Сәуір , 2016 17:33

Су жаңа аяқ киіміңіздің лай батпақ, балшық, шаңнан артық жауы жоқ шығар, сірә. Сондықтан, аяқ киіміңіз киіс берсін десеңіз, оны дұрыс күте білуіңіз қажет. Аяқ киім күтіміне арналған қымбат қүралдарға шығындалу тіптен міндетті емес, тек оның жаңа қалпын сақтауға көмектесетін бірнеше қулықты білсеңіз болғаны.

99765414d08f2c1d2200e8439f5d4f74

Сурет: millioner.com.ru

Үй жағдайында феннің көмегімен аяқ киімді созу үшін, келесі әрекеттерді жасап көріңіз: аяғыңызға қалың шұлық киіп, былғары туфлиіңізді не бәтеңкеңізді киіңіз. Аяқ киімнің созғыңыз келген тұстарын фенмен жарты минут көлемінде қыздырыңыз. Мұнан кейін фенді өшіріп, аяқ киім салқындағанша аяғыңыздан шешпеңіз.

Естен шығармаңыз: аяқ киімде дақтар пайда болмас үшін, фенді 10 см арақашықтықта ұстау керек.

Барқыт мата лакталған туфлиді су жаңа қалпына келтіреді

9050565-650-1461771976-shutterstock_405503722

Сурет: shutterstock.com

Аяқ киімді жуып қойған соң оны барқыт матамен жылтыратып сүрту қажет. Егер бұл әрекетті әдетке айналдырып, аяқ киіміңізді күнделікті сүртіп отырсаңыз, бір аяқ киімді ондаған жылдар бойы киіп жүргеніңізді ешкім аңдай қоймас.

Күдері туфлидегі дақты кетіру жолдары

9050665-650-1461771976-shutterstock_300953627

Сурет: shutterstock.com

Күдері туфлиіңіздің бетінен майлы дақ байқасаңыз, оның үстіне крахмал не тальк сеуіп қойыңыз. Бұл сусымалы заттар дақты өзіне сіңіріп алады.  4-5 сағаттан кейін аяқ киіміңізді щеткамен тазалап қойсаңыз, дақтың ізі де қалмайды. Ал қоңыр аяқ киімдерге кофе тұнбасын қолдануға болады. Оның қолданылуы мен әсері – дәл жоғарыдағыдай.

Ұлтанның бастапқы ақ түсін қалпына келтірудің оңай тәсілі

9050365-650-1461771976--1

Сурет: shutterstock.com

Аяқ киім ұлтанын ағартуға тіс пастасы көмектеседі. Ескі тіс щеткасына тіс пастасын тамызып, онымен аяқ киім ұлтанын тазалаңыз. Тіс пастасының бояулы қоспасыз, ақ түсті болуы маңызды. Тіс тазалауға арналған ұнтақ та ағартатын әсерге ие.

Су тиген аяқ киімді кептіру

9050615-650-1461771976-shutterstock_274937423

Сурет: shutterstock.com

Былғары аяқ киімді газет не соданың көмегімен құрғатуға болады. Умаждалған газетті аяқ киім ішіне әбден нығыздап салып, сыртынан газетпен орап қойса, аяқ киім жылдам құрғайды. Алайда  суреті мен жазуы аз газет парақтарын таңдап алған жөн. Аяқ киім ішін толтырған газетті бірнеше сағат сайын ауыстырып отыруды ұмытпау қажет.

Күдері аяқ киімді бастапқы қалпына келтірудің амалы

9050265-650-1461771976-4567

Сурет: shutterstock.com

Күдері су мен жылудың, басқа да факторлардың нәтижесінде қатайып, өңін жоғалта басатайды. Күдеріден тігілген аяқ киім киіс беріп, ұзақ жылдар киюге жарасын десеңіз, бу арқылы күдеріні бастапқы қалпына келтіруге болады. Мұны қарапайым үтіктің көмегімен іске асыра аласыз. Аяқ киімге үтікті тигізбей, бумен тазаласаңыз, күдеріні жаңартуға жетіп жатыр.

Былғары аяқ киімді созамыз

9050415-650-1461771976-shutterstock_269442164

Сурет: shutterstock.com

Бұл әдіс – жасанды былғарыдан тігілген аяқ киімдерді тазалауға тиімді. Бірақ жасанды былғарының сапалы болғаны дұрыс. Ең алдымен, суды ысытып алыңыз. Су қайнаған бойда, оны аяқ киімнің ішіне құйып, бірнеше минуттан соң суын төгіңіз. Мұнан кейін аяқ киімді киіп, кепкенше шешпеңіз.

Аяқ киімдегі жағымсыз иісті кетіреміз

9050465-650-1461771976-shutterstock_184795067

Сурет: shutterstock.com

Сірке су аяқ киімдегі жағымыз иісті кетіреді. Мақтаны 6% не 9%-дық сірке суымен дымқылдап, аяқ киіміңіздің ішін сүртіп қойыңыз. Артынша далаға шығарып, біраз уақыт таза ауада ұстаған абзал.

Кедаларды тазарту

9050715-650-1461771976-shutterstock_295177916

Сурет: shutterstock.com

Кедаларды дымқылдап, ағартатын ұнтақпен жақсылап ысқылаңыз. 15 минутқа қалдырып, мұнан соң щеткамен тазалаңыз. Аяқ киім әбден тазарған соң сумен шайыңыз.

Су өткізбейтін аяқ киім

9050515-650-1461771976-shutterstock_377090503

Сурет: shutterstock.com

Аяқ киіміңіз су өткізбес үшін, тігісінің бойын бірнеше рет зығыр майымен сүрткен жөн.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар