Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аяғына 30 рет ота жасалып, протез киген биші қыз балеттен бас тартқан емес

Мелина Рейз Бразилияның кәсіби балеринасы емес. 2002 жылы жола апатына түсіп, дәрігерлер оның аяғына ампутация жасаған. Содан бері оған 30 шақты ота жасалған.

186969-INNERRESIZED600-600-999

Сурет: islam-today.ru 

Осындай қиындықтардан кейін де ол өзінің балетке қайта оралуын қалаған. Ол арманы орындалды да. 31 жастағы балерина протезбен өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Оған арнайы аяқ киімді протез жасау және ортопедия институтының маманы Хосе Андре Карвально көмірқышқыл талшықтары мен гипстен жасап берген.

«Мен әрдайым билеуді армандадым. Билей білу – сөзбен айтып жеткізе алмайтын қуаныш. Мен Карвальодан билеуге арналған аяқ киім жасап беруін сұрадым. Ол бұған келісті», – дейді мелина Рейз.

Дәрігердің айтуынша, Мелинаның би кезінде тепе-теңдікті ұстауда қатты қиналады.

«Протезді жасауда биомеханика мен математика заңдылықтарын ұстануға тура келді. Өйткені, қыздың тік тұрып, тепе-теңдікті ұстауы қиындық тудырады», – дейді дәрігер.

Мелина протезбен билегенде ауырсыну белгілерінің болатынын айтады.

«Маған енді жаттығудың керегі жоқ. Өйткені, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткіздім, – дейді Мелина.

Енді біраз жылдан кейін балетші қыз көмекші құралсыз көпшілік алдында өнер көрсетуді жоспарлап отыр.

Талқылау