Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аяғы теріс орналасқан балаға ота жасалды (фото)

Солтүстік Ирландия дәрігерлері аяғы теріс орналасқан баланың аяғын тігіп берді. Ракпен ауыратын Тристин Стюарттың арманы футбол ойнау болғандықтан дәрігерлер осындай тәуекелге барған.

Бұл туралы The Sun жазды.

Тристин Стюарттың 12 жасында аяғы ауыра бастаған. 2016 жылға дейін дәрігерлер себебін түсінбей келген. Кейін оның аяғына артық бұлшықеттер өсіп кеткені белгілі болды.

2017 жылы ақпанда аяғындағы бұлшық еттерін алып тастағаннан кейінгі тексерістен қатерлі ісік ауруы анықталған.

Маусымда Тристин Стюартқа синовиальдық саркома деп аталатын жұмсақ тіндік қатерлі ісіктің агрессивті түрі деген диагноз қойылды.

“Тристиан барлық тексеруден өтіп жүрді. Оның аяғына ампутация жасайды дегенде өте қиын болды. Ол үнемі белсенді болып жүретін, енді спортсыз өмірінің қандай болатынын елестете де алмайды”, – дейді анасы Мэнди Стюарт.

Дәрігерлер баланың спортқа деген махаббатын есептей отырып, оның аяғына баламлы ампутация жасауға –айналмалы пластик салуға тәуекел етті.

Айналмалы пластик 180 градусқа дейін айналып, қозғалады.

“Тристин 2 апта ойланып, ота жасауға келісім берді. Ол ампутациядан кейін екі аяғымнан да айырылып қаламын деп қорықты”, -дейді анасы.

Дегенмен барлығы ойдағыдай аяқталды. 2018 жылдың қаңтарында Тристин ештеңенің көмегінсіз жүруді үйренді. Оның ендігі мақсаты – жүгіруді үйрену.

“Қазір оның жасы 15-те. Тристиннің жүгіріп кетуі үшін протезге ақша жинап жатырмыз. Оның ендігі арманы – футболдан паралимпиада ойындарын қатысу”, -дейді Тристиннің анасы.

Тағы оқыңыз:

Азан даусын естігенде ойынын тастай сала намаз оқыған бүлдіршін елді сүйсіндірді (видео)

Ұрығымды қытайлар алып қалды: Қытайдан келген қазақ жігітінің өкініші

Елімізде қатты аяздан ұшқан құс та, кетіп бара жатқан ит те қатып қалып жатыр (фото)

Өзге ұлт өкілдерімен кездесетін қыздарға ескерту жасап жүрген азамат өз әрекетін түсіндірді

Талқылау