Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аяғы сынып, миы шайқалған: Павлодарда көлік жүргізушісі оқушыны қағып қашып кетті

Павлодарда 12 жастағы баланы қағып қашып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр. Оқушы бағдаршамның жасыл түсі жанғанда өтпек болған, деп хабарлайды КТК.

Оқушының саны сынып, миы шайқалған. Ол өзін көліктің қалай қаққаны білмейді. Тек жол бойынан өтпек болғаны есінде. Кәнілі жүргізушіні полицейлер іздеп жатыр. Баланың анасы жүргізушінің өз еркімен келуін сұрайды.

“Бағдаршамның жасыл түсі жанғаны есімде. Жүргіншілер жолағымен жолды кесіп өтпек болдым. Одан кейін не болғанын білмеймін. Кейін ауруханада денемнің ауырғанын сезіп ояндым. Мені көлік қағып кеткен екен”, – дейді Артур Шафиков.

Балалар театр қойылымын тамашалаған соң жүргіншілер жолағы арқылы жолдан өтпек болған. Оқушының аяғына ота жасалу-жасалмауы алдағы уақытта анықталады.

“Бала аяғынан тартылуда жатыр. Яғни бұл консервативтік ем болып табылады. Және де болашақта қосымша снимоктар жасалу арқылы егер қалпына келетін болса, онда осы созылуда екі жұмадай жатады”, – дейді Павлодар облысы балалар ауруханасының ординатор-дәрігері Талғат Қасымбеков.

Оқиға орнында бейнебақылау камерасы орнатылмағандықтан кінәлі жан табылмай жатыр.

“Ұлымды қағып кеткен жүргізушінің полицияға келіуін сұраймын.Ертелі-кеш бәрі анықталады. Баламның бағдаршамның жасыл түсі жанғанда өткенін сол жерде болған жүкті әйел айтты.Сол келіншектің артынан ұлым келе жатқан екен”, – дейді анасы Светлана Шафикова.

Анасы қаққан көлікті білетін куәгерлер табылар деп үміттеніп отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау