Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аяғы ерекше үлкен науқас қыз әдемі той жасап, тұрмыс құруды армандайды (фото)

36 жастағы Катя Пейдж ауыр дертпен ауырады. Оның ағзасындағы май денесінің төменгі бөлігіне жиналғандықтан аяғы шамадан тыс ерекше үлкейіп кеткен. Жақында оның аяғындағы май көлемінің артуын тежеу үшін оған ота жасалды.

368CAA3500000578-0-image-a-93_1469370801801

«Отаға дейін аяғым 127 см-ден 137 см-ге дейін жететін», – дейді Катя.

Отадан кейін оның көлемі кішірейгені байқалады. Алайда дәрігер Лиззи Готтсеген оның толықтай жазылуына біршама күш керек екенін айтады.

368CAA2D00000578-0-image-a-92_1469370787215

«Көптеген дәрігерлер бұл дерт жайында біле бермейді. Егер Катяның талпынысы болмағанда оның баяғыда қайтыс болуы мүмкін еді», – дейді дәрігер Готтсеген.

13403378_10153440560526991_5051535141338512977_o

Катяны көрген адам ол зиянды, майлы тағамдарды көп жейді деп ойлайды. Осындай кері пікірлердің айтылатынына қарамастан науқас қыз еңсесін түсірмейді. Ол да өзге қыздар секілді қалыңдық көйлегін киіп, тұрмысқа шыққысы келеді.

Катяның кіндік анасы оған өмірлік серік болатын, қолдау білдіре алатын жан керек екенін айтады.

«Мен ақылдымын, білімдімін. Тамақ пісіре алам. Қай жағынан қарасаң да, кемшін тұсым жоқ. Сөз байласқан адамым да бар. Жақында той жасаймыз деп жоспарлап отырмыз. Сүйген адамым мені қандай болсам да жақсы көреді. Бірақ мен сонда болсы келбетімнің жақсы болғанын қалаймын», – дейді Катя.

Жіберіп алмаңыз:

Бір аяғы жоқ биші үлкен сахнада өнер көрсетуді армандайды (видео)

Сәбидің денесі мен үлкен әйелдің басы біріккен нигериялық (фото)

Талқылау