Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі таңқаларлық ерекше үйлер (фото)

Қоғам озып, адам санасы дамыған сайын сәулет өнері де саналуан әдіспен түрленуде. Испан архитекторы Сантьяго Калатрава Нью-Йорк қаласыныңорталығынан бақ пен гүлге толы 12 коттедж салмақ. Бірақ Сантьягоның сәулет өнерінде ерекшелік бар. Оның үйі ауада қалқып тұр.

27063-6-b_r_t_rl_baspana__ru

Бұл туралы “Айқын” басылымы хабарлайды.

12 коттеджі бар бұл ғимарат ортақ тіреуіш арқылы айналаға сән берген. Үлкен мұнара іспеттес бұл үй шынында ғажайып. Бұл 12 коттеджі ортақ тіреуішке барып кіретін тетіктер ұстап тұр. Мұндайғы әр үйдің төбесінде бақ бар.

Ал әлемдегі ең кішкентай үй Еуропада, атап айтқанда Германияның Вернигерод қаласында орналасқан. Ол 1800 жылы салынған. Бір ерекшелігі, ол екі үлкен үйдің орталығына салынған. Қысылып орналастырылса да, келушілердің ықыласы артып тұрған сыңайы бар. Ең алдымен жұртты оның орналастырылуы қызықтырады. Оның сыртқы келбетіне құмарта қарайтындар көп. 1976 жылға дейін онда жалғызбасты әйел тұрған. Екі терезесі, дәлізі, қоймасы мен және шағын ас үйі мен жатын орны бар бұл пәтер қазір туристер тамашалайтын орын ретінде жергілікті билікке толағай табыс түсіріп отырған көрінеді.

Ал латвиялық байшыкеш, Parex bank қаржысының қожайыны Валерий Каргин теңіз жағалауына жалпы көлемі 9,5 мың шаршыметр вилла салмақ. Бұл Еуропадағы ең керемет ғимараттардың бірі болмақ. Оның бір ерекшелігі, үй комъютерлік жүйе арқылы басқарылып отыратын көрінеді.

Жалпы, адамның фантазиясына, ой-қиялына ешнәрсе жетпейді. Бұл әрекет, құштарлық, атап айтқанда дизайнерлік, шығармашылық үй, құрылыс салуға жұмсалып жатса, онда таңғажайып дүниелерді көруге болады. Қалай айтқанда да, әлемнің әр елінен көз тартар әсем ғимараттардың сан түрін көруге болады. Шетелдік зерттеу агенттіктері жақында құрылысы таңғаларлық жағдайда салынған ғимараттардың рейтингісін зерттеп шығарды. Шындығында да аталған үйлерді көрген адам ғажап өнер, сәулет өнерінің керемет туындысы дер. Ол рас та. Қазір қаржы болса, әдемілеп, әспеттеп неше түрлі құрылысты салуға болады.

6565656565

Мамандар баға берген рейтингтің ішінде бірінші орынды нигериялық сәулетшінің туындысы жеңіп алған. Оның сызбасы бойынша құрылысшылар ұшақ-үй салған көрінеді. Сәулетші ғажайып коттедждің үстіне ұшақты «қондырған», оның екі балконы пен ұшақ кабинасы келушілерді бір таңдандырса, «ұшақ-үй» алып көркемдігімен көзге түсіп тұр. Екінші орынды кактустың өсіп келе жатқан бейнесіне ұқсаған Голландияның Роттердам қаласындағы кактус-үй алған. Экзотикалық әсер беретін бұл үй шынында сырттан әдемі көрінеді. Бұдан кейінгі орынды Токионың маңындағы Митаки қалашығында орналасқан бір түрлі қисық үйлер алған. Бұл біреу емес, ондай қисық ғимараттардың саны тоғыз. Канаданың бір орманында шар пішіндес, ағаштан жасалған үй қалқып тұр. Атына қарағанда, мұнда «елестер» өмір сүреді.

Польша мемлекеті де мұндай ғажайып құрылыстардан кенде емес. Қаржысын қайда құярын білмей жүрген байлар қымбат сәулетшілерді жалдап, аспанмен таласқан зәулім ғимараттар салып жатса, польшалық сәулетшінің үйі керісінше болып шыққан. Бұл сәулет өнері сонысымен де құнды болып тұр. Қазақшалап айтар болсақ, бұл үйдің «аяғы аспанға қарап» тұр. Ал нақтылағанда, үйдің шатыры төменде де, оның іргетасы (фундаменті) – жоғарыда.

65+56

Жалпы, мұндай тоқтай қалып қарайтын, көз тартарлық сәулет өнерінің туындылары әлемде өте көп. Мысалы, АҚШ-тың Канзас қалашағында көпшілікке арналған қалалық кітапхананың сыртқы келбетінің өзі өтіп бара жатқан адамды кітап оқуға шақырып тұрғандай. Сондай-ақ АҚШ-та – кәрзеңке-үй, Польшада – қисық-үй, Португалияда – тау-үй, Вьетнамда құбыжық үйлер бар. Бірақ қалай аталса да, аталған ғимараттар әлемдегі сәулет өнерінің ғажайыптарының біріне саналады.

Әлемде сыртқы және ішкі келбетімен бас шайқатып, таңдандыратын ғимараттар мен үйлер өте көп. Бірі бағасының өте қымбаттылығымен ерекшеленсе, екіншісі қарапайым, бірақ көркемділігімен айрықшаланады.

Талқылау