Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аягөз тұрғындары үйінің ішінде белуардан батпақ кешіп жүр

Аягөз қаласында тұрғындар белуардан батпақ кешіп жүр. Үйімді түгелдей су басып кетті деген жұрт арызын айтып хабарласты.

Аягөз тұрғындары үйінің ішінде белуардан батпақ кешіп жүр

Айтуларынша, жерасты суы көтеріліп, үйлерінің іргесін ірітіп барады, деп хабарлайды 31 арнаға сілтеп Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шығыс Қазақстанның елі көктем сайын көтерілген судан зардап шегеді. Өткен жылы да қатты су тасқыны болып, талай үйді  қиратып кеткен еді. 

"Қиын жағдайда отырмыз. Әкімшілікке хат жолдап, бірнеше рет жаып едік, ешқандай жауап болмады", - деді тұрғын. 

Жертөлеге су толып қалған соң пәтер иелері еденін қопарып алып тастаған. Су болған топырақты да қазып далаға шығарыпты. Онымен жағдай шешілген жоқ. Көтерілген жерасты суы күннен-күнге көтеріліп келеді. 

Жергілікті билік қолдан келген көмекті көрсетеміз, бірақ суды тоқтату мүмкін емес дейді. 

"Заңда үйіне құм түсіріп беру деген жоқ қой. Ертең  құмын түсіріп береміз. Оған қалталы азаматтардан, демеушілерден көмек сұраймыз", - деді қала әкімі Самат Серіков. 

Талқылау