Австралиялық бойжеткен өмірінің әрбір күнін еске түсіре алады

Жексенбі, 30 Сәуір , 2017 10:46

Бірінші туған күніңіз есіңізде ме? Әрине, жоқ. Көп адам мұны еске түсіре алмайды. Алайда 27 жастағы Ребекка Шаррок өзінің алғашқы туған күнінің қалай өткенін жақсы біледі. Бойжеткен гипертимезияға шалдыққан. Яғни ол өзінің өміріне қатысты барлық ақпаратты жадында сақтайды.

main49

Әлемде әр күнін еске түсіріп айтып бере алатын 60-80 адам бар. Ғалымдар бұл құбылысты әлі толық зерттеп үлгермеді. Ребекка кез келген күнде болған оқиғаларды айтып бере алады. Өзінің қандай киімде, қандай көңіл-күйде болғанын шатастырмайды.

3135

«Ата-анам мені көліктің алдыңғы орындығына отырғызып, суретке түсіріп жатыр. Бұл идея әкеме тиесілі. Орындықтың қандай материалдан жасалғанына қызыққаным есімде. Бұл жаста қоршаған ортаны зерттейтіндей мүмкіндігім болмаған еді. 2014 жылы газеттен адамның 4 жасына дейінгі оқиғаларының есінде болмайтындығы туралы мақаланы оқып қалдым. Сол сәтте ақпаратты өтірікке баладым», – дейді Ребекка.

4113

Бойжеткен Гарри Поттер кітабынан кез келген үзіндіні жатқа айтып бере алады. Дәл қазір ол жадына сүйеніп автобиографиясын жазып жатыр.

790

«Бала күнімде желдеткіштің жанында  тұратын ойыншықтарға қатты қызығатынмын. Алғаш туған күнімнің болып жатқанын түсінбегенім рас. Анам үстіме сәттеннен тігілген көйлек кигізді. Маған сол күннің ерекше екенін, көп адамның келіп мені құттықтайтынын айтты. Бәрібір ешнәрсе түсінбедім, бірақ жылағанымды қойдым. Маған Минни Маус ойыншығын сыйлады. Оның түрінен қорқып кеттім. Сөйлей алмағандықтан, жылай бердім.

Бір жарым жасымда мен түс көре бастадым. Екінші туған күнімнен кейін менің сіңілім Джессика дүниеге келді. Мен сіңілі дегеннің кім екенін түсінбейтінмін. Пойыз ойыншықпен ойнаған ұнайтын. Әрине, сіңілімнен ата-анамды, ойыншықтарымды қызғандым. Әлемдегі гипертиместикалық синдромға шалдыққан адамдардың біреуімін. Ұмытуды білмеймін. Өмірімнің әрбір күні есімде. Өткен өмірімдегі естеліктер қайта-қайта көз алдыма орала береді. Бұл сондай қиын», – дейді бойжеткен.

5100

Ребекка дәл қазір екі зерттеу жұмысына атсалысып жатыр. Оның көмегімен ғалымдар көптеген сұрақтың жауабын табуға ниеттеніп жүр.


Жіберіп алмаңыз:

Индонезиялық қалыңдықтың «таңғажайып» көйлегі жұртты тәнті етті (фото)

Бразилиялық азиатқа ұқсау үшін 10 рет ота жасатқан (фото)

Тәжірибесіз ұшқыш әуе кемесін дөңгелексіз қондырды (видео)

Кафені тонау кезінде өзін салмақты ұстап тұра берген кассир бәрін таңғалдырды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар