Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«АвтоВАЗ» Қазақстанға автомобиль тасымалдауды тоқтатты

“АвтоВАЗ” Қазақстанға автомобиль тасымалдауды тоқтатты. Тасымалдың тоқтауына себеп жыл басында Қазақстанда әкелінетін көліктергі тіркеу және пайдалану жұмыстарының жүргізілуі екен.

preview_34412_d46179b6d764e34969b254ec8719515f_71816100

Сурет ru.publika.md

Бұл туралы aif.ru сайты хабарлайды.

Қазақстан “АвтоВАЗ” үшін ірі экспорт нарығы болып саналады. Оның еншісіне 80 пайыздан астам сатылым кіреді. Қазіргі таңда автоконцерн тек ғана құрастыру бөлшектерін жіберіп жатыр. Осыған ұқсас шешімді “КамАЗ” басшылығы да қабылдағаны хабарлануда.

Қазақстан билігі жаңа бөлшектердің енгізілуі арқылы отандық автопромды қолдап, Ресейден келетін “шикізат импортын” шектеуді ойластырып отыр. Рубль курсының құлауынан кейін ел тұрғындары ресейлік автокөліктерді белсенді түрде сатып ала бастаған. Ішкі нарықтағы сатылым 40,4 пайызға дейін құлдыраған.

Талқылау