Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Автонесиелеу бағдарламасына Үкіметтен қосымша 10 млрд. теңге бөлінуі мүмкін

Бүгін халықпен есептік кездесуін өткізген ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек автонесиелеу бағдарламасына Үкіметтен қосымша 10 млрд. теңге бөлінуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20161018190146

“Қазақстандағы автонесиелеу бағдарламасына елдің қызығушылығы жоғары. Бірақ банктер несие беруді тоқтатты. Бұған не себеп?”, – деп кездесуге келушінің бірі сұрақ қойды.

«Автонесиелеу бағдарламасы 2 жыл бұрын өз жұмысын бастаған. Бюджеттен бағдарламаға  26 млрд. теңге бөлді. 9 мыңнан астам  Қазақстан азаматы осы бағдарлама арқылы  жаңа көлік алды. Ол елімізде сатылған отандық көліктердің және жалпы сатылған көліктердің 30 пайызы. Аталған несиелер 5-7 жылға берілген. Енді ол ақшалар 1-2 жылдың ішінде банктерге қайтады. Несие банктерге Үкімет тарапынан 20 жылға беріліп отыр. Сондықтан бұл бағдарлама тоқтаған жоқ, 20 жыл жұмыс істейтін болады. Осы жылы біз Үкіметке аталған бағдарламаға қосымша 10 млрд. теңге қаржы бөлу ұсынысын бердік», – деді Жеңіс Қасымбек.

Тағы да оқыңыз:

Жапондар ерлерге арнап төстартқыш шығарды (фото)

Жазда Алматыдан үйді қазіргіден 20% арзанға сатып алуға болады

Қазақстанда диплом жазатын студентті оқытушылар қалай «бопсалайды»

Талқылау