Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Автомектепке жазылғандар ақшаларын кері қайтарып алып жатыр

Автомектепке жазылғандар ақшаларын кері қайтарып алып жатыр. Жүргізуші куәлігін алу үшін екі айлық оқуға тіркелгендер енді үйден-ақ оқып аламыз дейді екен. Бұған шамданған автомектеп басшылары бүгін бас көтерді.

курсант

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Әдетте  жүргізуші куәлігін алу үшін, екі жарым ай автомектепте оқисың. Теорияны толық игеріп, жол ережелерін жаттағаннан кейін ғана көлікке отыруға рұқсат. Кейін арнайы автотренажерларда рөл ұстап, практиканы толық меңгересіз.

Бірақ бұл жүйе қазір жоқ, автомектептердегі сыныптар да қаңырап тұр. Себебі, Ішкі істер министрлігі жол ережесін өз бетімен оқуға рұқсат берген бетте  автомектепке жазылғандар ақшаларын қайтарып алған.

«Кешегі келген балалар уже айтып жатыр. Ағатай ақшамды қайтып беріңізші, мен неге төлеймін?! Біле ме, жоқ па, білім алады ма, оны ойламайды»,-дейді Автомектеп директоры  Қайыргелді Утев

Мектеп басшыларының шамына тиген бұл ғана емес. Олар халыққа қызмет көрсету орталығында емтихан алу үшін орналастырылатын техникаға сенбейді екен. “Пайданы емес, курсанттар білімін ойлап отырмыз”, – деген директорлар жаңа жүйе жемқорлыққа жол ашып береді дейді.

«Датчиктермен емтихан алатындар кім? Басқа адамдар, оны ешкім көріп тұрған жоқ. Ол өзіне қалай керек дачтик, солай қояды. Тапсырғаны да, тапсырмағаны да тапсырады ертең. Жемқорлыққа жол ашып беріп отыр. Біздің сана-сезім, технология әлі жеткен жоқ»,-дейді Автомектеп директоры  Қайыргелді Утев

Технологияны сынға алған басшылар шешім ақылдаспай қабылданды дейді. “Біз былай тұрайық, халықтан сұраған ешкім жоқ», – деп отыр. Ал халық пікірі әртүрлі.

«Жарайды ережені білесің, ал вождениені білмейсің ғой. Ал онда вождение үйретеді, жүргізеді. Оқымаса болмайды, қалай ол үйде? Жүр ғой жастар, правила білмейді, нарушать етеді»,-дейді жүргізуші  Руслан Ибраев.

Ал жүргізуші Руслан ережені әкесінен үйренген. Тек оқыды деген қағаз керек болған соң, екі жарым ай үшін 25 мың теңгесін қиыпты.

 

«Мен, мысалы, оқығанда көп кездері бара алмаймын. Звондай салам, бармаймын. Бірақ правоны алдым. Қазір техника дамыған кез интернеттен-ақ бәрін гуглға кіресің да оқи бересің»,-дейді жүргізуші  Айдын Аусабаев.

 

Онлайн оқуға да қарсы басшылар автомектептер жаппай жабылса, Астананың өзінде ғана 500 адам жұмыссыз қалады деп отыр. Ал Қазақстан бойынша нәпақасынан айырылатындар қаншама. Сондықтан елордадағы 44 мектеп басшысы бірігіп премьер-министр кеңсесі, Нұр Отан мен министрлікке “шешімді өзгертсін” деп хат жолдамақ.

 

Талқылау