Автобустан құлап мерт болған 67 жастағы ер адамның қызы куәгерлерді іздестіруде

Жұма, 2 Қыркүйек , 2016 12:48

Қайғылы оқиға 21 тамыз күні болған. Өскемен тұрғыны Әлия Сейілханованың айтуынша, осы күні оның 67 жастағы әкесі автобустан құлап қалған.

Безымянный

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

«Әкем «Большевиктен» автовокзалға жетуі керек болған. Кейін куәгерлердің айтуынша, ол «Қазақстан» аялдамасынан № 3 маршрутына кірген. Осы кезде жүрзізуші жүріп кеткен. Ал, әкем ашық тұрған есікен құлап кеткен. Оны көрген адамдар жедел-жәрдем қызметін шақырыпты. Емханада әкемнің жамбас бөлігін салған. Оның жрегі ауыратындықтан дәрігерер ота жасамауды жөн көрді. Бірнеше уақыттан соң әкем комаға түсті. Құлаған кезде оның ішегі жарылып кетіпті. Шамалы уақыттан соң жүрегі тоқтап, әкем 25 тамыз күні көз жұмды», – дейді қызы.

Тергеу жұмыстарын жүргізіп, жауапты адамдарды жазалау үшін Әлия куәгерлерді іздестіруде.

Әкем автобустан құлаған кезде оны көше тазалаушы екі әйел көрген. Тағы бір тұрғын жедел-жәрдем шақырып, автобустың нөмірін жазып алған. Көшеде өтіп бара жатқан екі жігіт әкемді көтеріп сәкіге отырғызған екен. Бірақ олар полицейлер келгенше кетіп қалыпты. Автобуста әкемнің құлағанын көрген куәгерлер де бар шығар. Тергеушіге жауап беру кезінде кондуктор мен жүргізуші мұндай жағдайды көрмегендерін айтқан.

Әлия осы оқиғаға куә болған немесе қандай да бір ақпарат білетін жандар болса, 8 (705) 900-66-96 нөміріне хабарласуын сұрайды.

Артур Власов

Жіберіп алмаңыз:

Қостанайда жүйткіп бара жатқан адам толы автобустан қыз құлап кетті (видео)

Алматыда жүріп бара жатқан автобустан жолаушы ұшып түсті

Газ бен тежеуішті шатастырып басқан бойжеткен көлігімен өзенге құлап кетті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар