Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Автобуста кондуктор болған Төреғалиді жұрт танымай қалды (видео)

Күні кеше кілем фабрикасына барып жұртты шулатқан әнші енді кондуктор болып жүр.

image

Фото: instagram.com/toregal=ruitoreali/?hl

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші Төреғали Төреәлі №43 автобуста кондуктор болды. Алайда шынайы өмірде емес, өзі туралы түсіріліп жатқан жобаның аясында.

Кондукторларға арналған пенжек киген Төреғалиді жұрт танымай қалған-ды. Себебі, әнші автобус бағытын қанша дауыстап айтса да, ешкім бұрылып қарар емес.

Видеоны көрген желі қолданушыларының бірі мұны әншінің қарапайымдылығына балап, оған сәттілік тілеп жатты. Енді бірі керісінше жасанды көрінетіндігін айтуда.

Естеріңізге сала кетсек, Шымкент қаласының кілем фабрикаларының бірініе қонаққа барған әнші журналистердің бірімен сөзге келіп қалған болатын. Сол күні-ақ интернет беттерінде әншінің БАҚ өкілдерін тілдеген видео пайда болды. Артынша әнші өзін ренжіткен журналиске өлеңмен жауап берген болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Бірнеше мәрте БАҚ-та жаман әдетімен көзге түскен Бейбіт әріптесі Төреғали Төреәліні қорғап сөйледі

Төреғали Төреәлі реалити-шоудың басты кейіпкері болмақ

Ерке Есмахан әнші Төреғалидың концертіне келмеді

Төреғалиді ашуландырған журналист өз әрекетін түсіндірді

Талқылау