Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда автобус шопырының не үшін өз-өзіне қол салғаны белгілі болды

Павлодарда  шағын автобус шопырының не үшін өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды деп хабарлады Павлодар облысының полиция ведомствосы.

1872479
Павлодарда шағын автобустың ішінен шопырдың өлі денесі табылған еді. Сот алды тергеу барысында анықталғандай, ер адам отбасындағы кикілжіңдер салдарынан өз-өзіне қол жұмсаған. Шопырдың отбасы, әйелі мен екі баласы бар екен. Әйелінің сөзіне сүйенсек, соңғы кездері ақша жетіспегендіктен күйеуі екеуі арасында ұрыс-керіс жиі шығып, тіпті ажырасу туарлы сөз болған.

Отбасынан айырылып қалғысы келмеген ер адам жалақысы көбірек басқа бағдарға ауысуға тырысады, алайда оған мүмкіндік болмайды. 2 наурыз күні әйелі шешім қабылдап, ажырасуға арыз беріпті. 20 наурыз күні ерлі-зайыптылар тағы ренжісіп қалады да, әйел таксиге мініп, Екібастұздағы анасының үйіне кетеді, ал күйеуі жұмысқа баратынын айтқан. Келесі күні түске қарай полиция қызметкерлері хабарласып, күйеуінің микроавтобустың ішінде асылып қалғанын хабарлайды.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағанды облысында көлік апатынан бес адам қаза тапты

Астаналық мүгедек 8 жылын түрмеде төсекке таңулы күйінде өткізген (фото)

Қазақстандықтар мамыр айында 11 күн демалады

Талқылау