Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Австрияда ер адам әкесі мен шешесін асүй пышағымен өлтіріп тастады

Төменгі Австрияда 36 жастағы ер адам жексенбі күні түнде өзінің әкесі мен өгей шешесін бауыздап, келіншегін жарақаттап, 11 жасар ұлын да қорқытқан.

1478326085

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Оқиға Гензендорф ауданында болған. Ол асүй пышағымен 53 жастағы анасы мен 55 жастағы әкесін өлтірген. Сондай-ақ, 38 жастағы келіншегіне де бірнеше жерден пышақ жарақатын салған. Қазіргі таңда дереу жасалған операциядан кейін әйелдің жағдайы жақсарған.

Ерадам полиция қызметкерлері келген кезде өз ұлын кепілдікке алып, өлтіремін деп қорқытқан. Алайда 11 жасар бала қашып шыға алған. Көп ұзамай орган қызметкерлері қылмыскерді қолға түсіреді.

Қазіргі таңда ер адам тергеу изоляторында отыр. Жақын арада оған сот-психологиялық сараптамасы тағайындалмақ.

Оқи отырыңыз:

Солтүстік Қазақстанда болған жантүршігерлік жол апатының видеосы жарияланды (видео)

Өскеменде әйелімен ұрысып қалған ер адам өз үйін өртеп жіберді

БҚО-да 17 жастағы студент дәрігерлердің көмегін күтпестен көз жұмды

ШҚО тұрғыны үйіне келіп темекі тартқаны үшін танысын ұрып өлтірді

Талқылау