Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Австрия Рахат Әлиевтің өлтірілгенін тағы да жоққа шығарды

Австрияның әділет департаменті Қазақстанның Венадағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевті біреу өлтіруі мүмкін деген болжамды жоққа шығарған.

photo_127289

Бұл туралы theguardian.com сайты хабарлайды.

Өзін-өзі өлтіру туралы болжамға қарсы дәлелдерді Әлиевтің жесір қалған әйелі Әльнара Шоразованың адвокаттары келтірмек болған. Олардың тұжырымына қарағанда, оқиға болған орын жеткілікті түрде қорғалмаған, маңызды заттай айғақтар жоғалып кетуі мүмкін, ал Әлиевтің өлімінің уақытын анықтау мүмкін болмады. Сонымен қатар, адвокаттар Әлиев өз-өзіне жалғыз қол салды делінген нұсқаға күмән келтірді.

Судьяның шығарған тұжырымына сәйкес, Әлиевтің өлімінің нақты уақытын анықтай алмау дерегі маңызды емес, себебі мәйітте зорлық белгілері болмаған. Сондықтан сот Рахат Әлиев өз-өзіне қол жұмсады деген үкім шығарған.

Рахат Әлиев Венадағы Йозефштадт түрмесінде қайтыс болды. Ол 23 ақпанда  асылып қалған күйі табылған еді.

Талқылау