Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Австралия тұрғыны қарасораны өртеген әкесінің үстінен полицияға шағым айтты

Австралия тұрғыны өзі өсірген қарасораны жағып жібергені үшін әкесінің үсінен полицияға шағым айтты.

7474

Сурет italy4.me

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Полиция бөлімшесіне қоңырау 5 шілде күні Хампти Ду елдімекенінен келіп түскен. Жас жігіт әкесімен ұрысып қалып, нәтижесінде оның өсірген қарасорасын әкесінің өртеп жібергенін айтқан. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары мұның шынында рас ақпарат екеніне көздері жеткен.

Полицейлер жігіттің қарасора сақтағаны үшін айыпты болатындығы жайлы заңды біле ме деп сыр суыртпақтап көрген. Ал ол болса біреудің мүлкін бүлдіргеннен гөрі, мұның әлдеқайда жеңіл нәрсе екенін айтыпты. Барлық өсімдіктердің өртеніп кетуі себепті жас жігітке ешқандай айып тағылмаған.

Талқылау