Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Австралияның су басқан көшелерінде қолтырауындар жүзіп жүр

Австралияның солтүстігінде нөсер жауын жауып, салдарынан көптеген қаланы су басты. Үй жануарлары мен малды азық етіп жатқан қолтырауындар көшеде қаптап жүзіп жүр.

1188564914

Бұл туралы The Telegraph хабарлайды.

Адамдарды қауіпті аймақтардан шұғыл көшіріп жатыр. “Су басқан көшелерде жүзіп жүрген қолтырауындарды көрдік. Олар футбол алаңдарында да байқалды”, – деді қала тұрғыны Дэйли-Ривер.

Жергілікті құтқару қызметінің басшысы Эндрю Уортон елді мекен тұрғындарына абай болуға кеңес берді. Полиция ақпаратынша, тропиктік жауын-шашындар салдарынан бір адам қаза тапты, тағы бір адам із-түзсіз жоғалған.

Талқылау