Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Австралиялықтар Қытайға таза ауа cата бастады

Австралиялық кәсіпкер Джон Дикинсон мен Тео Руйгрок ауа сату бизнесін бастады. Олар темір қалбырға ауа жинап, оны Австралиядан Қытайдың қоршаған ортасы ластанған жерлеріне жеткізеді. Mashable сайтының жазуына қарағанда, бір қалбырдағы таза ауа 130 рет терең дем алуға  жетеді.

ауа-сатады

Бұл туралы Қазақпарат жазған.

Ауаны Оңтүстік Уэльстің Көгілдір тауларынан, Бонди жағажайынан, құрлықтың ірі туристік орталықтарының бірі – Голд-Кост қаласынан жеткізеді. Қытайлықтар бір банкі ауаны шамамен 20 долларға сатып алады.

Австралия ауасымен тыныстау үшін әр құтыға қоса берілген бетпердені пайдалану жеткілікті. Бизнесмендер ауа зарарсыздандырылған жабдық көмегімен алынатынын, сапа бақылауынан өтетінін атап өткен.

Қытайлық саудагер Вивиан Чжоудың айтуынша, ауаның ластануы – ел үшін үлкен проблема екенін, ал сатып алушылар австралиялық ауаны жақсы көреді екен.

 

Талқылау