Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмыссыз ер адам лотереядан 50 млн доллар ұтып алды

2017 жылдың басынан бері жұмыс таба алмай жүрген Сидней тұрғыны лотереядан 50 млн доллар ұтып алды.

6abb0380ce792e071065e622b4dfb3a1__1440x

Бұл туралы ABC News хабарлайды.

30 жастағы жігіт енді ұтқан ақшасын отбасымен, достарымен бөлісіп, сондай-ақ, қайырымдылық қорларына да аудармақ.

“Өмір өзгереді. Мен тіпті 50 миллионда қанша нөл бар екенін де білмеймін. Мен бұл ұтысты менімен бірге туыстарым, достарымның да бөліскенін қалаймын. Және мұқтаж адамдарға да көмек бергім келеді”, – дейді ол.

Еске салсақ, Австралия тарихындағы ең ірі ұтыс 70 млн долларды 2016 жылы Квинсленд штатындағы ерлі-зайыптылар жеңіп алған еді.

 

Талқылау