Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Австралиялық полицейлер қылмыскерді арзан телефонның көмегімен құрықтады

Полицейлер 22 жасар Кристофер Андерсонның көлігінен құпия жасырылған 4 мың долларды тауып алған. Сондай-ақ көліктен бірнеше телефон және полиэтиленді қалтаға салынған 3,1 грамм кокаин табылған.

7f1200c9bcbc7e

Бұл туралы New South Wales хабарлайды.

Негізінде Андерсонды тәртіп сақшылары оның ішімдік ішпегенін тексеру үшін тоқтатқан. Ал көлікті тінтуге себеп болған Nokia маркалы арзан телефон екен. Тәртіпті қадағалаушылар осындай арзан телефондарды қылмыскерлер жиі пайдаланады дейді.

Андерсон болса, көліктер жасырылған есірткі туралы мүлде білмейтін болып шыққан. Десе де, мұның сөзіне тәртіп сақшыларының сене қоюы екіталай. Ол есірткі пайдалануы мүмкін деген күдікпен 19 қаңтар күні сот алдында жауап береді.

Талқылау