Австралиялық мектеп оқушысы әлемдегі ең әдемі ер бала болып танылды (фото)
Instagram және Twitter пайдаланушылары 12 жастағы австралиялық Уильяма Франклин-Миллерді әлемдегі ең әдемі бала деп таныды.
Басында әлеуметтік желілерде Уильяманың аккаунты интернеттің азиялық сегментінде танымал болды. Оның суретін Жапониядан мектеп оқушысы әлеуметтік желіге салған. Оның Twitter-аккаунтындағы суретіне мыңдаған репост жасалды. Осыдан кейін Франклин-Миллерге жазылушы достар күрт көбейе бастады.
«Әр үш секунд сайын жүздеген жаңа жазылушы қабылдадым», – деді бала.
Оның айтуынша, анасы екеуі аккаунтты бұзды деп ойлаған. Кейіннен мұның адамдардың суретке білдірген пікірлерінен екендігін түсінді.
Instagram-да әдемі балаға жазылушылар саны 152 мыңға жетті. Франклин-Миллердің сөзіне қарағанда, фолловерлер саны екі тәулікте жүз есе артқан.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандық дзюдаист Риодағы ең әдемі спортшы қыздардың бірі деп танылды (фото)
Талқылау