Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шынайы қанішер-қыз сүйіктісінің қанымен қоректеніп күн сәулесінен қашып жүреді (фото)

Австралиялық бет әрлеуші Джорджина Кондон талассемия ауруына шалдыққан. Яғни ол кем дегенде аптасына бір рет адамның қанын қорек етпесе тұра алмайды.

14731163_986655431462051_6479053085269542402_n

12 жасынан бастап күн сәулесінен бойын аулақ ұстайын ол трансфузия (бір адамның қанын екінші адамға құю) жасатудың орнына сүйікті жігітінің қанын ішеді. Әйелдің айтуынша, қан ішуден де көп рахатқа бөлейтін жалғыз нәрсе бар болса, ол – секс, деп жазды Daily Mail Australia.

39 жастағы сүйіктісі арнайы Джорджина үшін жасанды азу тістер салдырып алған. Алайда ер адам оны жиі пайдаланбайтын көрінеді. Оның орнына Джорджинаның жігіті Жамаель (Zamael) ұстарамен денесін кесіп тастайды. Осылайша ол сүйіктісіне өзінің қанын ішуге мүмкіндік береді.

14390854_968952789898982_6568458408134235341_n

“Аптасына бір рет қан алуға тырысамын. Бірақ Жамаель үшін бұл қиындық туғызады. Бізде «түскі ас» уақыты секілді арнайы белгіленген уақыт жоқ», – деп атап өтті әйел.

Жұп осыдан үш жыл бұрын Брисбен қаласында танысқан.

Джорджина ауруының асқынғанын Брисбенде демалып жатқан кезде байқаған. 12 жасынан бастап қан ішуге құштар болған Джорджина алғаш рет 17 жасында ерікті “донорын” кездестірді.

Нағыз қанның табынушысы күн дерматитімен ауырады. Яғни ол күн сәулесінен үнемі қашып жүруге мәжбүр.

австралия вампир

Қара түсті киім киюді ұнататын Джорджина өзінің қанішерлікке құмарлығын барынша жасыруға тырысады. Себебі достары оның әрекетін ерсі санайды. Есесіне Джорджинаны түсінетін анасы мен сіңлісі бар.

«Олар менің әрекетіме түсіністікпен қарайды, алайда өздері ешқашан қанішерлікке бармайды», – деп атап өтті ол.

Жіберіп алмаңыз:

Португалия шөлінде пайда болған қанішер мақұлық әлем елінің зәресін алды (видео)

Салмағы 500 келі болатын ер адам 6 жылдан соң алғаш рет орнынан тұрды

Британияда рактан көз жұмған 14 жастағы қыздың денесін қатырып қоятын болды

Қазақстанда табылған Стоунхендж әлем ғалымдарының таңданысын туғызды

Талқылау