Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Австралиялық актер түсірілім кезіндегі атыста қайтыс болды

Австралиялық актер музыкалық клипке түсіп жатып, оқ жарақатын алған соң көз жұмған.

1486269487

Фото: REUTERS/ AAP/Richard Wainwright

Бұл туралы АВС телеарнасы хабарлады.

Bliss n Eso тобының әніне түсіріліп жатқан бейнебаянда атыс сахнасы да жоспарланған екен. Түсірілім кезінде жас актерлердің бірінің кеудесіне оқ тиіп қайтыс болады. Полиция аталған жағдайды “өндірістік жағдай” деп бағалаған.

Әзірге актерлердің тапаншасы нақты қандай оқпен жарақтандырылғаны белгісіз. Оның бос немесе соғыс патроны екенін органдар анықтамақ. Бірақ, бос патронның өзі жақын қашықтықтан атылса адамға әжептәуір жарақат салады.

Оқи отырыңыз:

Алматыда жоғалып кеткен 11 жастағы бала өлі күйінде табылды

Халыққа қызмет көрсету орталығында тағы бір адам қайтыс болды (видео)

Қырғызстанда ұшақ тура ауылдың үстіне құлады (фото, видео)

Шымкентте көлік жүргізушісі анасын үш баласымен қосып қақты

Талқылау