Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Австралияда қолтырауын әйелді суға тартып кеткен

Аввстралияда қолтырауын шабуылдаған әйел іздестірілуде. Жоғалған әйелді тепловизор көмегімен тікұшақпен табу әрекеті де сәтсіз аяқталды.

Crocodile2 (1)

Сурет: www.symbolsbook.ru 

Әйелді жаяу, судан құтқарушылар іздеу үстінде.

Оқиға Квинсленд штатында, құрлықтың солтүстік-шығысындағы Дэйнтри ұлттық саябағында орын алған.

Қолтырауын кешкұрым теңізге түспекші болған екі әйелдің біріне шабуылдаған.

Қолтырауын шабуылдаған әйел шыңғырып, артынша суға батып кетті. Құрбысы тартып, шығармақшы болған, бірақ ол әрекеті жүзеге аспады.

Қолын жыртқыш тістеген әйел ауруханаға жатқызылды, деді штаттың жедел жәрдем қызметінің өкілі.

Жіберіп алмаңыз:

Австралияда қолтырауын шатыр ішіне кіріп, туристің аяғын тістеп алды

Талқылау