Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Австралияда қолтырауын шатыр ішіне кіріп, туристің аяғын тістеп алды

Австралияның солтүстігінде қолтырауын шатыр ішінде ұйықтап жатқан туристің аяғын тістеп алған. 19 жастағы Питер Розвеллдің айтуынша, ол отбасымен Палм-Крик өзенінің жағасында демалып жатқан.

Безымянный

 

Сурет: foto-zverey.ru 

Түннің бір уағында Питер аяғын біреу түрткендей болған соң ұйқысынан оянып кеткен. Оянғасын 3-4 метр жердей қашықтықта қолтырауынның тұрғанын көрген.

Ол қолтырауынды өзенге қарай қуып жіберген. Оның жыртқыштан қалай құтылғаны жөнінде нақты деректер айтылмаған.

Розвеллдің әпкесі оқиғадан соң інісін ауруханаға жеткізген. Алайда, дәрігерлер оның денсаулығына ешқандай қатер төнбегенін айтқан.

Кэтрин қалашығының мэрі журналистерге сұхбат беру барысында аймақ тұрғындарының жақын маңнан қолтырауындарды жиі көретінін айтқан.

«Бұл жерлер қолтырауындардың да қоректенетін жері болған соң, олармен бірге өмір сүруге тиіспіз. Алайда, өзімізді қауіпсіз сезінуімізге болмайды», – дейді қала мэрі.

Талқылау