Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Австралияда әйелін өлтірген қазақстандық кінәсіз деп танылды

Қазақстандық ғалым Серік Елібай Австралияда өз әйелінің өліміне қатысты кінәсіз деп танылды. Бұған оның психологиялық тұрғыда ауыратыны себеп болған.54

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Өткен жылдың ақпан айында ауылшаруашылық саласы бойынша генетикалық халықаралық эксперт 53 жастағы Серік Елібай өзінің әйелі Айнұр Исмағұлды өлтірді деген айыппен тұтқындалған болатын. Ғалымның әйелі Австралияның Клемзиг қаласындағы үйінде өлі күйінде табылған. Оның қорғаушысы сотта Серік Елібайдың психикалық ауруға ұшырағанын дәлелдеген.

Алайда, сот барысында оның әйелді өзі өлтіргені расталған. Серік Елібай енді қалған өмірін психатриялық клиникада өткізеді.

Серік Елібай мен Айнұр Исмағұл Қазақстанда туылып, білім алған. Екеуі де ауылшаруашылық саласы, әсіресе, бидай және арпа өнімдерін зерделеу тұрғысында танымал ғалымдар болған. Отбасылық жұп 2006 жылдан бастап Австралиядағы функционалды геномикалық өсімдіктер орталығында жұмыс жасаған. Екі баласы бар. Австралияға дейін екеуі Украина, Канада, Германия және Венгрияда жұмыс істеп үлгерген.

Талқылау