Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Австралияда 70 жастағы зейнеткер мектепке барды

Әлемдегі ең қарт оқушы болып саналатын 70 жастағы австралиялық әйел 12-сыныпқа көшу үшін емтихан тапсыруға дайындалып жатыр.

009ae7aa6f4f9c28762913252eb05930_L

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Джоан Оливер өткен ғасырдың 50-жылдарында Мельбурндағы мектептен шығып кеткен. Анасы оған “білім алу қыз балаға арналмаған” деп кеңес беріпті. “Анам одан да жұмысқа орналасып, отбасыға көмек бер деп айтты” дейді Оливер.

Қазіргі таңда зейнеткер сол бір аяқсыз қалған ісін соңына дейін жеткізуге бекініпті. Ол болашақта университетке түсіп, заң факультетінде білім алғысы келеді. Ол қандай да бір себеппен оқуды тастап кеткендерге білім алудың ешқашан кеш болмайтынын айтады.

Талқылау