Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Австралияда 100-ден астам үй күлге айналды

Австралияда орман өрті өршіп тұр. Салдарынан елдің оңтүстігіндегі Виктория штатындағы 100-ден астам үй жанып кеткен.

39f48ee5d82fab70a356ed805fd573d7_L

Өңірде 1600 адам шұғыл түрде эвакуацияланды. Сол себепті мұнда Рождество мерекесі тойланбай қалды. Жалпы Австралияда бір апта бойы орман өртінің беті қайтпай тұр. Күн ыстық болып, күшті жел тұрғандықтан, от тез таралған. Қызыл жалынмен жүздеген өртсөндіруші арпалысып жатыр. Әдетте жылдың бұл мезгілінде Виктория штатының жағалауына серфингпен айналысатын саяхатшылар көптеп келеді. Соңғы жағдайға байналысты жергілікті билік олардың қауіпті аймаққа келмеуін сұрап отыр.

Талқылау